Алаяқтың арбауына түспе!

Қазіргі таңда интернеттің дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, алаяқтықтың жаңа түрлерінің пайда болуына да жол ашты. Онлайн сауда, әлеуметтік желілер және банк қосымшалары арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жылдан-жылға көбейіп келеді. Алаяқтар жалған хабарламалар, жалған сайттар немесе телефон қоңыраулары арқылы адамдардың жеке мәліметтері мен ақшасын иемденуге тырысады.

Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуда заң мен тәртіптің рөлі ерекше. Заң талаптарын қатаң сақтау, киберқылмыстармен күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – интернет-алаяқтықты азайтудың маңызды жолдары. Сонымен қатар әрбір адам күмәнді сілтемелерге өтпеуге, банк картасының деректерін бөтен адамдарға бермеуге және ақпараттың шынайылығын тексеруге дағдылануы қажет.

Интернет-алаяқтықпен күресу – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заң мен тәртіпті құрметтеп, цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, біз өзімізді де, өзгелерді де алаяқтардың құрбаны болудан қорғай аламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT