Қазіргі таңда интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық мүмкіндіктермен қатар интернет алаяқтығы мен түрлі құқық бұзушылықтар да көбейіп келеді. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын цифрлық ортада да сақтау маңызды.
Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін немесе SMS арқылы келген кодтарды бермеу қажет. Күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз адамдардың ұсыныстарына сенбеу – қарапайым сақтық шараларының бірі. Сонымен қатар әр азамат өз құқықтарын біліп, заңсыз әрекетке тап болған жағдайда тиісті органдарға жүгінуден қорықпауы керек.
Интернеттегі қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігінен басталады. Құқықтық сауаттылық пен сақтықты қатар ұстану – алаяқтықтың алдын алып, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.
Г.СӘДУАҚАС


