Алаяққа алданбаңыз!

Қазіргі таңда интернет алаяқтық – қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Алаяқтар түрлі айламен азаматтардың жеке деректері мен банк карталарының мәліметтерін иемденіп, қаржысын заңсыз иеленуге тырысуда. Сондықтан әрбір тұрғын цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән беруі қажет.

Аудан тұрғындары да бейтаныс нөмірлерден түскен қоңырауларға, күмәнді сілтемелерге және әлеуметтік желілердегі жалған хабарламаларға сақ болғаны жөн. Ешкімге SMS арқылы келген кодтарды, банк картасының деректерін немесе жеке мәліметтерді бермеу – өз қаражатыңызды қорғаудың ең тиімді жолы. Қарапайым сақтықтың өзі көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алады.

Интернет алаяқтықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Заң мен тәртіпті сақтап, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ұстансақ, өзімізді де, жақындарымызды да алаяқтардың арбауына түсуден қорғай аламыз.

 

Г.Сәдуақас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT