Ағаш егу – экологияға қосқан үлес

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ағаш отырғызу жұмыстары қоршаған ортаны жақсартуға үлкен үлес қосуда. Ағаш – табиғаттың көркі ғана емес, таза ауаның, қолайлы экологиялық ортаның кепілі. Сондықтан көгалдандыру жұмыстарына әрбір азаматтың белсенді қатысуы маңызды.

Ағаш отырғызу арқылы біз келешек ұрпаққа жасыл әрі көрікті өлке қалдырамыз. Мұндай игі бастамалар табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтады.

Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сондықтан ағаш отырғызу акциялары алдағы уақытта да жалғасын тауып, еліміздің көркеюіне қызмет ете береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT