Ағаш егу – болашаққа жасалған қамқорлық

Табиғатты қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі – ағаш отырғызу. Бүгінде «Таза Қазақстан» аясында көптеген өңірлерде көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл – қоршаған ортаны жақсартып қана қоймай, келер ұрпаққа таза ауа мен көркем табиғат сыйлаудың маңызды қадамы.

Ағаш – табиғаттың байлығы. Ол ауаны тазартып, қоршаған ортаға сән береді. Бір тал кессең, он тал ек деген сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ағаш егу жұмысына әр адам бейжай қарамауы керек.

Табиғатты аялау – туған жерге деген құрметтің белгісі. Егер әр адам бір көшеттен отырғызса, еліміз жасыл желекке айналар еді. Бұл – болашақ үшін жасалған игі іс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT