Телефонға келген белгісіз хабарлама, әлеуметтік желідегі күмәнді жарнама немесе «тиімді ұсыныс» кейде үлкен мәселеге әкелуі мүмкін. Интернет мүмкіндіктерді көбейткенімен, алаяқтардың да жаңа тәсілдерді пайдалануына жол ашты.
Қазіргі таңда азаматтарды алдау үшін жалған қоңыраулар шалу, банк қызметкері ретінде танысу, күмәнді сілтемелер жіберу сияқты әдістер қолданылады. Сондықтан кез келген ақпаратқа бірден сенбей, оның шынайылығын тексерген жөн.
Ең бастысы – банк картасының құпия деректерін, парольдерді және телефонға келген растау кодтарын бөтен адамға айтпау. Бейтаныс сілтемелерге өтпей, күмәнді қосымшаларды жүктемеу де маңызды.
Интернеттегі қауіптен қорғанудың ең тиімді жолы – қырағылық. Бір минуттық асығыстық кейде ұзақ уақытқа өкініш әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір азамат «алдымен тексер, содан кейін әрекет ет» қағидасын ұстанғаны дұрыс.
Г.СӘДУАҚАС


