Адалдық – қоғамның басты құндылығы

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін әлеуметтік мәселе. Заң талаптарын бұзу арқылы жеке пайда табуға ұмтылу мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіреді. Сондықтан жемқорлықтың алдын алу – барша азаматтың ортақ міндеті.

Ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мемлекеттік мекемелерде заң талаптарын сақтау, қызмет көрсету кезінде ашықтық пен адалдық қағидаларын ұстану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тұрғындарға өз құқықтарын білу және заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажеттігі түсіндіріледі.

Жемқорлықпен күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі тиіс. Оның алдын алу үшін әр азамат адалдық пен әділдікті басты құндылық ретінде ұстануы қажет. Адал қоғам қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT