Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсер ететін келеңсіз құбылыс. Адамның өз пайдасы үшін заңды айналып өтуі өзгелердің құқығына зиян келтіреді. Сондықтан қандай жағдайда да адалдық пен әділдікті бірінші орынға қойған дұрыс.
Кейде жемқорлықпен күрес дегенді тек үлкен қызметтегі адамдардың мәселесі деп қабылдаймыз. Алайда оның алдын алу әр азаматтың өзінен басталады. Пара бермеу, пара алмау, таныстықпен мәселе шешуге ұмтылмау және заң талаптарын сақтау – қарапайым, бірақ маңызды қадамдар.
Меніңше, қоғамда адал еңбек пен таза жолдың қадірі артқан сайын жемқорлыққа орын азаяды. Әркім өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заңды құрметтесе, әділетті қоғам құруға бірге үлес қоса аламыз.
Г.Сәдуақас


