Адал қоғам – жарқын болашақ кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін және мемлекетке деген сенімді әлсірететін келеңсіз құбылыс. Ол заң үстемдігіне нұқсан келтіріп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына кері әсер етеді. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Бүгінде елімізде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар реформалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, цифрландыру үдерістерін енгізу және қоғамдық бақылауды күшейту жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беруде. Бұл бағыттағы жұмыстарға азаматтық қоғам өкілдері де белсенді қатысуда.

Адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану – әрбір азаматтың міндеті. Жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениеті қалыптасқан жағдайда ғана заң үстемдігі нығайып, қоғамның тұрақты дамуына жол ашылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT