Адал еңбек – абыройлы жол

Әділдік пен адалдық – қоғамның берік негізі. Ал сыбайлас жемқорлық осы құндылықтарға сызат түсіріп, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері әсер етеді.

Жемқорлық тек пара алу немесе беру ұғымымен шектелмейді. Қызметтік жағдайды жеке пайдасына пайдалану, мүдделер қақтығысын жасыру, заң талаптарын айналып өту де қоғамға зиян келтіреді. Сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарамау – баршамыздың азаматтық міндетіміз.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ашықтық пен заң талаптарын сақтау ерекше маңызды. Әр мекемеде жұмыс тәртібі түсінікті әрі әділ болған жағдайда, заңсыз әрекеттерге мүмкіндік те азаяды.

Адал еңбекпен келген жетістік қана баянды. Жемқорлыққа қарсы мәдениет бір күнде қалыптаспайды. Ол әр адамның өзінен, заңды құрметтеуден және әділдікке адал болудан басталады.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT