Абаттанған ауыл – елдің ажары

Ауылдың көркі – оның тазалығы мен жинақылығынан байқалады. Қазір «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыруға, көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше мән беріліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Махамбет ауданында да маңызды міндеттердің бірі болып отыр.

Ауыл көшелерінің ретке келуі, қоғамдық орындардың тазалануы, көгалдандыру жұмыстары – сыртқы көріністі жақсартумен қатар, тұрғындардың туған жерге деген көзқарасына да әсер етеді. Әсіресе балалар мен жастардың осындай жұмыстарға араласуының тәрбиелік мәні зор. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғау әдеті бала кезден қалыптасса, оның пайдасы болашақта да көрінеді.

Менің ойымша, абаттандыру жұмысының нәтижелі болуы тек атқарылған жұмыстың көлемімен емес, оның тұрақтылығымен өлшенуі керек. Әр тұрғын өз ауласына, өз көшесіне, өз ауылына жауапкершілікпен қарағанда ғана таза әрі жайлы орта қалыптасады. Сондықтан «Таза Қазақстан» – баршаға ортақ іске бастайтын жақсы мүмкіндік.

 

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT