Ауданның көркеюіне абаттандыру жұмыстарының қосар үлесі көп. Соңғы уақытта аулаларды ретке келтіру, балаларға арналған орындарды жаңарту, қоғамдық аумақтарды жинақы ұстау сияқты жұмыстарға назар аударылып келеді.
Мұндай өзгерістер тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасайды. Меніңше, абаттандыру дегеніміз тек жаңа нысандар салу емес, бар дүниеге ұқыпты қарау. Орындықтарды сындырмау, гүлдерді таптамау, қоғамдық мүлікке зиян келтірмеу – әр азаматтың мәдениетін көрсетеді. Жаңартылған аумақты сақтау да оны жасау сияқты маңызды.
Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстарға тұрғындар да белсенді атсалысуы қажет. Өз ауданымыздың көркеюіне үлес қосу үшін міндетті түрде үлкен іс жасаудың қажеті жоқ. Қарапайым жауапкершіліктің өзі ортақ ортаны жақсартуға мүмкіндік береді.
Г.Жолдасқали


