Абаттандыру – аудан ажарын ашады

«Таза Қазақстан» аясындағы жұмыстар ауданымыздың сыртқы келбетін жақсартуға айтарлықтай ықпал етіп отыр. Көшелердің тазалануы, аулалардың ретке келтірілуі, ағаштардың әктелуі мен көгалдандыру жұмыстары елді мекеннің ажарын аша түседі.

Осындай жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы ерекше маңызды. Себебі туған жердің тазалығы мен көркеюі тек белгілі бір мекемелердің емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Бір ауладан басталған тазалық бүкіл көшеге, одан ауданға тарайды.

Таза әрі көрікті орта адамдардың көңіл-күйіне де оң әсер етеді. Сондықтан қолға алынған игі жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып, ауданымызды одан әрі абаттандыруға күш салу – ортақ мақсат.

Г.СӘДУАҚАС

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT