Тәуелсіздік күніне баскетболдан жарыс өтті

Бүгін 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне 28 жыл толуына орай округ жастары арасында баскетболдан жарыс өтті.

Өскелең ұрпақты достық пен патриоттыққа тәрбиелеген бұл бәсеке ауданның ауылдық округтерінен құралған 4 команданың басын қосып, Махамбет ауылы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Жастар ресурстық орталығы, "Жас Отан" Жастар қанатының қолдауымен және "AK NIET"& "ALTYN SAPA.kz" ЖШС-ның ұйымдастыруымен дәлдік пен жылдамдықты талап еткен бұл сайыста қатысушылар керемет ойын көрсетті.

«Жастар спортты қолдайды» атты тақырыпты алға тартып, физикалық күш те анық байқалатын бұл спортта баскетболшылар сақиналы тор қалтаға дөп салған түрлі ұтымды голдарды көрсетті. Олар бұл ойынымен жарысқа дайындалып, жаттығып келгенін дәлелдеді.

16jeltoqsan12

Сайыс қорытындысында ұйымшылдығымен көзге түсіп, көп ұпай жинап, Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі Махамбет ауылдық округ спортшылары жеңімпаз болды. ІІ орынды "ПМК" командасы алса, ІІІ орын озаттардың қатарында болған "Ортақшыл" командасына бұйырды.

"Жастар" командасы жарысқа қатысқаны үшін «Алғыс хатпен»және Үздік ойын көрсеткені үшін Сихов Сатжан марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом және ұйымдастырушылардың атынан сыйлықтар табысталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521