«Реал» футболшысы Хабиб Нурмагомедовке өз жейдесін сыйлады

«Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бензема UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовқа өз клубының жейдесін сыйлағанға ұқсайды.Ресейлік спортшы өзінің Инстаграмдағы парақшасына автографпен жазылған жейдені суретін орналастырды.

"Сыйлық үшін үлкен рахмет, бауырым. Ертең сәттілік ", - деп жазды Нурмагомедов.

Хабиб француз футболшысына 18 желтоқсан күні өтетін «Барселонамен» ойында сәттілік тіледі.

Еске салсақ, UFC чемпионы жақында Тони Фергюсонмен жұдырықтасуға толық дайындықты бастайды. Бұл шайқас 2020 жылдың 18 сәуірінде өтеді.

Дереккөз: prosports.kz.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521