Қазақстандық Никита Акимов биатлоннан 1 орын иеленді

Австрияда биатлоннан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Жасөспірімдер арасында 7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыста қазақстандық Никита Акимов бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Никита ату кезінде мүлт кетпей, аталған қашықтықты 20 минут, 56,2 секундта жүріп өтті. Ал Қазақстан сапынан сынға түскен Семен Вдовин 20, Вадим Куралес 23, Данил Червенко 28-орынға тұрақтаған. 10 шақырымға созылған жасөспірімдер додасында Владислав Киреев оныншы орынға табан тіреді.

Қыздар арасында Ксения Долголапова 11, Арина Крюкова 14, Полина Егорова 25, Кристина Титиевская 45-ші орыннан көрінді.

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521