Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Қазанның 26 күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды.

Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясы instagramпарақшасына жазды. Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі.

"Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады.

Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында тұр. 2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездесті", - делінген хабарламада.

BAQ.KZ

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521