«Қайрат» Польша құрамасының футболшысымен толықты

Польша құрмасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральский Алматының "Қайрат" командасына ауысты.

Гуральский Быдгощ қаласының "Завиш" клубының түлегі. Ересектер арасындағы карьерасын 2010 жылы бастаған.

2011 жылы Короново қаласының "Виктория" командасынан "Вислаға" ауысты. Яцек бұл команда сапында 4 маусым өткізіп, 110 матчқа қатысты.

2015 жылдың жазында Гуральский "Ягелония" командасымен 4 жылдық келісімшартқа қол қойды. Польшаның жоғары лигасындағы дебютін Кельце қаласының "Корона" командасымен өткізген. 2017 жылы Гуральский Болгарияның "Лудогорец" командасына ауысты. Болгария чемпионатында екі рет топ жарды. Чемпиондар лигасына қатысқан.

Польша құрамасы сапында 13 матчқа қатысып, 1 гол соққан. 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатында өнер көрсетті.

Футболшы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегерімен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.

Дереккөз:BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521