Облыс жастары Махамбетте бас қосты

Жастар жылына орай аудандық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Жарқын болашақ» жастар ұйымы, қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық спартакиада өтті.

Оған Атырау облысының Жастар саясатына қарасты орталықтарының қызметкерлері, жастар ұйымдары өкілдері қатысты. Спартакиаданың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың бұқаралығын арттыру, көршілес аудан жастары арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, спорттық байланыстарын нығайту болып табылады.

1

0

Атырау қаласы, Индер, Мақат, Құрманғазы, Исатай және Махамбет ауданының жастары спартакиада ережесіне сай кіші аяқ добынан, волейболдан және үстел теннисінен өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша, кіші аяқ добынан жүлделі I орынмен Мақат ауданы, II орынмен Құрманғазы ауданы, III орынмен Махамбет ауданы марапатталды. Волейбол ойынынан жүлделі I орынға Құрманғазы ауданы, II орынға Индер ауданы, III орынға Мақат ауданы командалары ие болды. Үстел теннисінен I орын Құрманғазы ауданының, II орын Мақат ауданының, III орын Исатай ауданының командаларына бұйырды. Жеңімпаз командаларға марапаттар ұсынылып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бекболат СЕГІЗБАЕВ,

аудандық Жастар ресурстық

орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521