К. Роналду карьерасындағы 700-голын соқты

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Украина қақпасына бір гол соқты.

Бұл оның карьерасындағы 700-голы екен.

Португалиялық футболшы бұған дейін "Спортинг" сапында - 5, "Манчестер Юнайтедте" - 118, "Реалда" - 450, "Ювентусте" - 32 және ұлттық құрамада - 95 гол соққан.

Айта кетейік, Роналду осы күні спорттық карьерасын жалғастырып жатқан футболшылардың арасында 700 гол соққан жалғыз футболшы. Одан кейінгі орында "Барселона" командасы мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси тұр ( 672).

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521