Головкинге "Канеломен" трилогия орнына орта салмақ титулдарын біріктіретін жекпе-жек ұсынылды

Қазір GGG-де екі титул бар.

TalkSPORT порталының редакторы Майкл Бенсон орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) лайықты болатын қарсыласты атады.

Бенсонның ойынша, 2020 жылы қазақстандық боксшы WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (30-0, 22 КО) жұдырықтасқаны жөн.

"Канеломен" трилогия әлі бола қоймайтын сияқты, исондықтан Головкинге карьерасының соңғы кезеңінде басқа үлкен жекпе-жектер іздеу керек.

Орта салмақтағы басқа чемпион - Чарло - барлық талапқа сай. Оның үстіне соққысы ауыр америкалыққа да үлкен жекпе-жек қажет", - деп жазыпты Бенсон.

Дереккөз:kaz.vesti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521