Футзалдан әлем біріншілігінде Қазақстанның атынан кімдер шығады?

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2020 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде ел намысын қорғайтын спортшылар есімін жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16-21 қазан аралығында құрама спортшылары Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Жаттығу нәтижесінде бас бапкер 14 спортшыны таңдап алды.

23-26 қазан күндері 2020 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі өтеді. Қазақстан құрамасы бесінші топта Албания, Нидерланды, Румыния сынды құрамалармен Пьятра-нямц (Румыния) қаласында кездеседі.

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнайтын құрама тізімі: Қақпашы: Игита (Қайрат), Александр Гуров ("Аят"), Ойыншылар: Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Альберт Акбаликов (барлығы "Қайрат"), Дінмұхамбет Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де "Жетісу"), Лео, Тайнан (екеуі де "Спортинг", Португалия), Қайрат Иманалин (Ақтөбе), Азат Валиуллин ("Аят").

Ойын кестесі:

23.10.2019. 19:30. Албания - Қазақстан.

24.10.2019. 19:30. Нидерланды - Қазақстан

26.10.2019. 22:00. Қазақстан - Румыния.

Материал ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521