ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙ БІЛЕЙІК!

Әлеуметтік желілерде «Жақсылық жасап жарысайық» челленджі бастау алды.

Бірі қолдарынан келгенше көмекке мұқтаж жандарға ақша жинап беріп жатса, енді бірі көше тазалаушы қызметкерлерге ыстық тағамдар ұсынуда.

Міне, сол акцияны атыраулық Гүлназ бен інісі Ернияз жалғастырып жатыр. Олар кеше көше тазалаушы жандарға өз қолдарынан дайындалған самса мен айран ұсынды.

«Көше тазалаушы адамдарды мұқтаж деп айта алмаймын. Олардың күліп, бізге «рахмет» дегендері біз үшін қуаныш. Айналамызға қуаныш сыйлауға асығайық!», — деп жазады ол өзінің парақшасында.

Дереккөз:depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521