Тілім менің- тіршіліктің айбары

Махамбет аудандық соты ғимаратында «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған аудан прокурорының көмекшісі Айгерім Сабит, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев, аудандық орталық кітапхананың әдістемелік бөлім меңгерушісі К.Сухангалиева, "Жайық шұғыласы" газетінің бас редакторы Н.Ерғалиев қатысты.

Шараны судья А.Ергазиева ашып, мемлекеттік тіл — тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі екенін, "Тіл туралы" заңның 4 бабында: «мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі», – деп атап көрсетілгенін меңзеді.

40c5

Аудандық соттың бас маманы А.Косымбаева дөңгелек үстелде жасаған баяндамасында бүгінде сотпен жүргізілетін іс қағаздары номенклатурасына сай жүргізілетін кітаптар, есептік карточкалар, сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семинар сабақ хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде, істердің қаралуы 90 пайызы қазақ тілінде жүргізілетіндігін баяндады.

Жиында тіл мәселесіне қатысты ұсыныстар келтіріліп, өзекті мәселелер қозғалды. Дөңгелек үстел соңында тіл мәселесін кең көлемде жастарды тарту арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ауқымды жиындарды жиі өткізу керектігін алға тартты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521