Сот төрағасы брифинг өткізді

Махамбет аудандық сотында 2019 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша брифинг өткен болатын.

Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Кадыргалиев брифингте сотта атқарылған жұмыстардың 2019 жылдың 9 айдың қорытындысын баяндады.

Атап айтқанда Махамбет аудандық сотымен 9 ай ішінде 266 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 42 іс медиация тәртібімен аяқталған. Ал 25 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 19 іске үкім шығарылып, 6 іс медиация тәртібімен қысқартылған. Сондай-ақ 409 әкімшілік іс қаралған, соның ішінде 87 іс медиация тәртібімен қысқартылғанын еске салды.

Сот мәжіліс залдары АБТ жүйесімен жабдықталған, істердің 100% АБТ жүйесімен қолданылып өткені белгілі болды. Осы жылдың тоғыз айында аудандық сот жұмысында жаңа технологияларды белсенді қолдану үрдісі қалыптасқаны анықталды.

Атап айтқанда әкімшілік және азаматтық істердің барлығы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен, бұл барлық түскен талап арыздардың 100% құрайды. Сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жылдың басынан сот қызметкерлерімен 5 дөңгелек үстел, 2 ашық есік күні өткізілді. Облыстық сотқа 41 пресс-релиз жолданып, жергілікті басылым «Жайық шұғыласы» газетінде 40 мақала жарық көрді. Шараны аяқтаған сот төрағасы журналистің сауалдарына жауап беріп, брифинг жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтты.

А.Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521