Қатарымыз көбейсе деймін

Алдағы жылы АӘК өзгереді

Қазақстанда бүгінде бала саны 7-ден асатын 3151 отбасы бар. "Алтын алқа", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленеді және олардың орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайды. Министрліктің хабарлауынша, бұл мемлекеттік жәрдемақының төленуі әзірге сақтала бермек.

Аудандағы «Алтын алқа» иегерінің бірі, 7 баланың анасы Камшат Иманқұлова. Аталмыш жәрдемақыны алатынына әлі де сенбей жүрген ол:

- Жуырда теледидардан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың хабарламасын естіп, сенер-сенбесімді білмедім. Жолдасым жеке кәсіпкер болғандықтан мен бала тәрбиесімен, шаруашылықтың қамымен үйде отырдым, жұмыс жасамадым. Әйтсе де, бұған дейін мемлекеттен бала ақшасын ғана алғанмын. 2018 жылы кенже ұлым дүниеге келген соң «Алтын алқа» иегері атанып, 16160 теңге төлене бастады. Келер жылы берілетін мемлекеттік жәрдемақының да біз секілді жұмыссыз үйде отырған көп балалы аналарға үлкен қолдау екенін айтқым келеді. Бүгінгідей баланың киім-кешегі, дәрі-дәрмегі басқа да қажеттілігі қымбаттап кеткен уақытта айлығын шайлығына жеткізе алмай жүрген жан көп. Сондықтан «өзегіңді талдырмайтын үкімет» болса, мен секілді көпбалалы аналар қатары да көбейер,-деген ойын ашық айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521