Отбасы құндылығы - татулықта

Отбасы – киелі ұғым, ол әрбір адам баласының кішігірім отаны.

Отбасы – өмірдің мағынасы, мәні мен сәні. Жалпы, қазағымыз қашанда отбасы беріктігі мен шаңырақтың шайқалмауын жоғары қойған.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы К-ның, жауапкер А-мен неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды. Азаматтық іс отбасылық сот пилоттық жобасына жауапты судья А.С.Амантаевтың өндірісіне түсті. Аталған іс бойынша судья тараптарды алдын-ала татуластыруға, бітімгершілік келісіміне келуге шақырды.

Іс құжаттарында талап қоюшы К. берген талап арызында жауапкер А-мен 14.07.1992 жылы некелесіп, осы некеден кәмелет жасына толған үш балалары бар екенін, бұдан әрі жауапкермен бірге тұруға және отбасын сақтауға мүмкіншілігі жоқтығын, мүліктік және өзге де наразылықтар жоқтығын жауапкер А-мен арасындағы некені бұзуды сұраған.

Тараптар аудандық соттың ғимаратында орналасқан Татуласу орталығында өзара әңгімелесті, сөйтіп, тараптар 27 жыл отасқан отбасын сақтауға, балаларының толыққанды отбасында тәрбиеленуіне, араларындағы отбасылық келіспеушілік мәселелерді медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беріп, медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судьяның өзі өткізуін сұраған.

Талап қоюшы К-ның жауапкер А-ға неке бұзу туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы тараптардың келісімдері бекітілді.

Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Өз тілшіміз

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521