Мемлекеттік қызметшілерге арналған сторителлинг

«Сторителлинг –қызықты әңгімемен болған оқиғаларды баяндау арқылы адамдармен сөйлесу әдісі»

Ағымдағы жылдың 4-6 қараша күндері аралығында ауданымызда "Мемлекеттік қызметшілерге арналған сторителлинг" тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы мен аудан әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған болатын.

Семинар барысында берілген көптеген қажетті ақпаратты алдағы уақытта да жұмыс барысында пайдаланамын деген ойдамын. Соның ішінде, "Информация-әлемдегі ең мықты қару" демекші, ақпаратпен жұмыс жасаудың өзі үлкен тәжірибе мен білімді талап ететіндігін бәріміз білеміз. Себебі, қазіргі заман - интернеттің заманы. Бұл заманның ағымымен жүру өте қиын, сондықтан да халыққа сапалы қызмет көрсету үшін, оларға түсінік жұмыстарын жүргізу үшін әр мемлекеттік қызметші берілген ақпаратты өзі дұрыс игеру керек.

Өйткені, осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамда үкімет пен халық арасындағы келеңсіз жәйттар орын алуда. Осы орайда, филиалдың өкілдері бізге бұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында, көпшіліктің алдында сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, шынайы көшбасшы болуды, әлеуметтік желіні дамытуды, ақыл мен жүректі бірге үйлестіріп пайдалануды үйретті.

Лауазымды тұлғаның айтылған сөзі әрқашан іспен дәлелденсе, жүрегі де "елім" деп соқса, ақылы үнемі дұрыс шешім қабылдап тұрса, өз ісіне адал болып, қызметін сапалы көрсетсе, ол "нағыз мемлекеттік қызметші" атағына ие болады.

Перизат ТАҢАТОВА,

аудандық кәсіпкерлік және туризм

бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521