Махамбеттік кәсіпкерге 18 557 теңге айыппұл салынды

Елімізде аты жаман ауру таралуына байланысты Төтенше жағдай  жарияланғалы бері мейрамханалардың жұмысына шектік мерзім тағайындалған болатын.

Соған қарамастан ауданымызда мерзімді шектемей  22 сағат 30 минутқа дейін жұмыс жасаған мейрамхана иесі анықталды.Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл кәсіпкер 2020 жылдың 19 наурызы күні шектік мерзіммен санаспай, тәртіпке бағынбай мейрамхананың жұмысын жалғастыра берген.  

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабын, яғни төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін  "TRUECONF" қосымшасы арқылы қашықтықтан әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 476-бабымен кінәлі деп танылып, оған 18 557 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521