Күдіктіге санкция беруге қаулы қабылданды

Махамбет аудандық сотының тергеу судьясы күдікті М-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасын санкциялады.

2020 жылдың 17 қаңтарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен ҚР-ның ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1) тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасағаны үшін күдікті М-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхаты түсті.

Сотта анықталғандай, М-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1) тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Яғни ол күдіктінің бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру санатындағы қылмысты қасақана жасағаны үшін күдіктелінуде. Сот тергеушінің өтінішін қанағаттандырып, күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасына санкция беруге қаулы етті.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Атырау облысы, Махамбет аудандық

сотының баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521