ads_hero

Борышкер борышын төлеуі тиіс

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 52 тарауының (Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі) 893 бабына сәйкес айыппұлды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғаға айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.

Айыппұл осы Кодекстiң 888-бабында көзделгендей кейiнге қалдырылған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс. Алайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға салынған айыппұлдарды заңнамаға сәйкес уақытында төлемеген жағдайда Әкімшілік тәжірибе тобының қызметкерлерімен жұмыстар атқарылады.

Атап айтқанда салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында бөлімнің әкімшілік тәжірибе тобымен ағымдағы жылдың 5 айында барлығы 4 рет «Борышкер» атты профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Төленбеген әкімшілік хаттамаларды өндіру мақсатында ҚР-ның ӘҚБтК-нің 894,895,896 баптарына сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

Ж.Дюсешева, аудандық полиция

бөлімі ӘПБ әкімшілік тәжірибе инспекторы,

полиция капитаны

Кенжегул

ads_hero