Бір күнде үш әкімшілік істері татуласумен аяқталды

Аудандық сотпен «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында бір күнде үш әкімшілік іс татуласумен аяқталды.

Сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушы Н. Сарытоғай ауылында өз үйінде заңды некедегі жұбайы Л-ны ешбір себепсіз ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтып, үй тыныштығын бұзған. Сот отырысында Н. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын айтып, заңды некедегі жұбайы Л-дан кешірім сұраған. Сот отырысында жәбірленуші Л. жолдасы Н-мен шынайы түрде татуласқанын, оған кешірім беретінін айтып, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған. Сотпен әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 73 бабының 1 бөлігімен Н-ға қатысты әкімшілік іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 2019 жылғы 3 желтоқсанда Бейбарыс ауылында құқық бұзушы Д. Ж-мен өзара келіспей, былапыт сөздер айтып, сол жақ бетінен соғып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған, күш қолдану әрекеттерін жасаған. Сотта Д. кінәсін толық мойындап, жасаған іс әрекетіне өкінетінін айтып, жәбірленуші Ж-дан шынайы түрде кешірім сұраған. Жәбірленуші Ж мен Д. шынайы түрде татуласқанын, оған кешірім беретінін айтып, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған. Сотпен әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 73-2 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы Д-ға қатысты әкімшілік іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Сондай-ақ аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 2019 жылғы 12 қарашада М. Береке ауылындағы өз үйінде азаматтық некедегі жұбайы А-мен өзара сөзге келіспей, сыйламаушылық көрсетіп, жанұя тыныштығын бұзған. Сот отырысында М. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетін енді қайталамайтынын айтып, азаматтық некедегі жұбайы А-дан кешірім сұраған. Сот отырысында жәбірленуші А. жолдасы М-мен шынайы түрде татуласқанын, оған кешірім беретінін айтып, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған. Сотпен әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 73 бабының 1 бөлігімен М-ға қатысты әкімшілік іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды.

Сот қаулылары заңды күштеріне енген жоқ.

А.Текебай 

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521