Билік пен қоғам арасындағы байланыс нығаяды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2-қыркүейектегі халыққа жолдауын балабақша ұжымымен бірге тыңдап, маңызды мәселелердің шешімін табатын тиімді жолдарды ұсынғанына бір қуанып қалдық.

Расында, Президент соңғы уақытта халықты мазалаған көп тақырыпқа жеке тоқталып, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде «Заман талабына сай тиімді мемлекет» атты бірінші тарауда айтылған «негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз. Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай» керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз...

«Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» . Біз бұл мақсатқа әлі жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар күш-жігерімізді салуымыз қажет... Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деген пікірді толықтай қолдаймын. Расында, қоғам мен билік арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан көптеген мемлекеттер жер бетінен жойылып та кетті. Алысқа бармай-ақ көршілес елдердің өзінде халқы басшысына бағынбай, елінің тыныштығын бұзып жатырған, арты жазықсыз адам өліміміен аяқталған төңкерістерді сырттай бақылап, іштей өз жұртымызға бейбітшілік тілеп отыратынымыз жасырын емес. Көзі ашық, көкірегі ояу, өз құқын білетін халықпен де санасып, күннен-күнге дамып жатқан заманауи технологияны сол жолда тиімді пайдалансақ, үлкен жетістіктерге бірге жететінімізге сенемін.

Президент айтқандай: «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асса, көптеген күрделі мәселелердің күрмеуі шешілетін сынды. Демократиялық, зайырлы мемлекеттің азаматшасы ретінде мен осы жолдауда айталғандай халықтың пікіріне, ойына басымдылық беріліп, қоғамға мейлінше қолдау көрсетіледі деп күтемін.

Шарафат АХМЕТОВА, КГКП

«Қызғалдақ»

бөбекжай-бақшасының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521