Әр бала өз ризығымен келеді

Әйел адам үшін дүниеге ұрпақ әкелуден артық бақыт бар ма? Мен де өмірге төрт ұл әкелген бақытты аналардың бірімін.

Баланы өмірге әкеліп қана қоймай, оны бағып-қағып, дұрыс тәрбие беру – ата-ана үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Жолдасым Нұрым Мұратов екеуміз 2000 жылы отбасын құрдық. Тұңғышымыз бүгінде жоғарғы оқу орнының студенті. Артынан ерген бауырлары мектеп қабырғасында білім алуда. Біз күндіз-түні қызмет етсек те, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырған емеспіз. Отағасы заңгер болса, өзім балабақшада жиырма жылға жуық уақыт тәрбиеші қызметін атқарып келемін.

Рас, қазіргі таңда баланы асырау да оңай болмай тұр. Көп нәрсе қаражатқа келіп тіреледі. Күнделікті тұтынатын ішер асы мен киер киімдеріміздің күн өткен сайын қымбаттауы көп балалы отбасыларының қалтасын жұқартпай қоймайды.

Жақында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға табыстарына қарамастан атаулы әлеуметтік көмек берілетінен хабардар болдық. Бұл мен үшін де, өзім секілді аналар үшін де күтпеген жаңалық болды. Көп балалы отбасыларды бөліп-жармай, оларға теңдей қарап, балалардың жағдайын басты орынға қоюы бұл мемлекет қамқорлығы деп түсінемін.

Қазақта «бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген нақыл сөз бар. Мына жарық әлемге Алланың бұйрығымен келген әрбір сәбидің ризықсыз туылуы мүмкін емес. Бұл да балаларымыздың маңдайына жазылған ризығы емес пе?

Жарқын Тұржанова,

көп балалы ана,

«Шолпан» балабақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521