Әлеуметтік жобаға 811 жас қатысты

«Zhas project» жобасы аясында ұйымдастырылған форумда 70 әлеуметтік жобаны қамтитын көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Форум Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоғамдық қорының өкілдері, мәслихат депуттары, үйлестіру агенттігінің қызметкерлері мен жоба тәлімгерлері қатысуымен өтті.

Атырау облысында 257 жоба іске асырылды, оған 811 жас қатысып, өз жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант алды.

aleyjoba

Жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамға бейімдеу және нәтижелі жұмыспен қамтуға қажетті дағдыларды дамыту арқылы қоғамдық пайдалы қызметке тарту. Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарға, яғни өз әлеуетін, өмірлік дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Жобада ерекше басымдық жұмыс істемейтін және оқымайтын, сондай-ақ, жұмысы бола тұра, табысы төмен қатысушыларға берілді.

- Жоба шеңберінде әрбір топқа 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлінген болатын. Сонымен қатар, әр топ қатысушысына 40-60 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленді. Берілген жарты жылдық осы қараша айында аяқталады. Аталған жоба биылғы жылы Қазақстан бойынша 6 өңірде жүзеге асты. Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Өңірімізден 25-26 қарашада Нұр – Сұлтан қаласында өтетін республикалық форумға 15 іріктелген жоба барады, - дейді «Zhas project» жобасының Атырау облысы бойынша аймақтық үйлестірушісі Айжан Аралбекова.

aljoba2

Әлеуметтік жоба іске асырылатын кезеңде мына бағыттар бойынша кіші жобалар ашылды: 42 білім беру орталығы, 36 ауыл шаруашылығының ет және сүт өнімдері, 36 демалыс орындары мен шығармашылық үйірмесі, 21 спорт орталығы мен фитнес клубы, 17 наубайхана, кондитерлік дүкен және кафе, 16 тігін шеберханасы, 15 сұлулық салоны.

Өңірлік коммуникация қызметі

Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521