Кітапханаға кітап сыйлады

Махамбет ауылының тұрғыны, ұлағатты ұстаз Балжан Сүйеуқызы Ағелеуова кітапханаға 35 кітап сыйлады.

Әрі ол профессор Е.Ағелеуовтің Қазақстанның Орал-Жайық табиғатын зерттеп, пайдаланған кітаптарын, еңбектерін де бірге тапсырды. Махамбет орталық кітапханалар жүйесінің басшысы Шынар Орынбайқызы зейнеткер Б.Ағелеуоваға ризашылығын білдіріп, берген сыйы оқырмандар жүрегінен орын алатынын жеткізді.

Кітапханалар қоры осындай баға жетпес рухани құндылықтармен толықтырылып, оқырманның ғасырлық мұрасына айналып отыр. Осындай баға жетпес асыл мұраларымызды сақтай білейік.

К.Суханғалиева,

Махамбет ОКЖ

әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521