ads_hero

Индерлік өнерпаздар Махамбет төрінде

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында, көршілес Индер ауданының өнерпаздары Махамбетке келіп, «Елбасы – елдігімнің тірегі» атты мерекелік шара ұсынып, әсем әндері мен мың бұралған билерін тарту етті.

Салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзін алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Мардан Сейітқалиев мерейлі мерекенің маңызына тоқталып, Индер және Махамбет ауданының халқын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Одан әрі марапатқа кезек беріліп, Сарайшық ауылдық округінің ассисенті Нұргүл Абилхасова, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің инспекторы Үміт Сейтқалиева, осы бөлімнің инспекторы Мәншүк Аманова, аудандық соттың судьясы Сәрсен Амантайұлы, аудандық соттың бас маманы Кәмшат Төленова, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің әдіскері Әділ Сисенбаевтар аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Сахна төріне көтерілген аудандық мәслихат хатшысы Марат Мырзашев Махамбет ауданының Құрметті азаматы Ұзақбай Төлегенов және еңбек ардагері Сағынбай Шотпақовтың төсіне «Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған мерекелік медалін» тағып, еңбек ардагері Мақпал Мұратованы аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

inder1

i

Марапаттан соң индерлік өнерпаздар махамбеттік көрермен үшін арнайы дайындап әкелген сазды бағдарламасын ұсынды.

i

Әсел Омарова жетекшілік ететін «Шашу» би ансамблінің сүйріктей сұлу биші қыздары қазақ биі «Жайлауда» мен орыс биі «Жұпаргүлді» мың бұрала билесе, Гүлдәурен Қарабаева жетекшілік ететін «Інжу-Маржан» би тобы «Мысыр» биімен ерекше әсер қалдырды.

dender3d

d

«Елге арнау» және «Үш қоңыр» әндерін әуелеткен квартет және трио жігіттерінің әуезді қоңыр дауысы да көрерменді тәнті етті. Тыңдармандардың айрықша қошеметіне бөленген Гүлбаршын Сариева жетекшілік ететін «Ой,жайлау» әні мен «Халық әндерінен попурри» орындаған «Әсем әуен» дәстүрлі әншілер ансамблі болды.

d

dender10

Раушан Иманбаеваның жетекшілігіндегі «Домбырашылар» ансамблі де Баламайсаң «Қыз желең» әнімен, Амандық Салаханов «Екі жирен» әуенімен, Мұратбек Жұмашев «Ауылдың адамдары-ай», «Ару-Ана» әжелер ансамблі мен «Ерасыл» ағалар ансамблі «Тау ішінде» әндерін нақышына келтіре орындап, көрермен көңілінен шықты. Ерлан Орынбасаров пен Айдар Әділов «орыс әндері мен қазақ күйлерінен аспаптық дуэт» орындаса, гитарис жігіттер тобы Табылды Досымовтың «Сәйгүлігін», Р.Ғабдиев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрі «Дендерім», «Саржайлау» әндерін әуелетті.

d

d

Салтанатты шараны Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи құттықтау сөзімен қорытындылап, махамбеттік жұртшылыққа ризашылығын білдірді.

dender13

dender14

 

d

Өз кезегінде Махамбет ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мардан Жұмахметұлы индерлік өнерпаздарға рахметін айтып, аудан әкімінің атынан алғыс хат табыс етті.

Б.СҮЙЕУОВА

Кенжегул

ads_hero