ads_hero

Болашақ жастардың қолында

Бейбарыс ауылдық «Жас дәурен» мәдениет үйінде жастарға арналған сазды кеш ұйымдастырылды.

Сазды бағдарлама ауыл өнерпаздарының, көңілді тапқырлар клубының қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Айтулы шараны ауылдың өнерпаз жасы Жансерік Сариев «Қазақ жастары» әнімен бастап көрермен қошеметіне бөленді. Бұдан басқа республикалық, облыстық, аудандық көркемсөз шеберлері Айтқали Сембаев және Айгерім Ғинаятова «Туған жер», «Көктем» өлеңдерін ерекше тебіреніспен оқыды. Жас қылқобызшы Ұлдай Самиева халық әні «Қараторғайды» орындаса, дәстүрлі әндер орындаушысы Нұржауған Смагулова «Ақерке» әнімен халықтың ерекше ықыласына бөленді. Бұдан басқа, мерекеге орай ауылдың өнерлі жасы Нұрай Қазбекова «Мерекем» әнін айтса, апалы-інілі Жұлдыз бен Әзімхан «Әсем әнді» қосыла шырқап, зор қошеметке ие болды.

Шара жастар жылына орай «Болашақ жастардың қолында» атты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті студенттерінің ауыл жастарына «Жайдарманнан» шеберлік сағатын ұйымдастырумен жалғасын тапты.

Б.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Super User

ads_hero