Ораза айтымыз қабыл болсын!

Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де мешітте айт намазы оқылды.

Жамағат намаздан соң ақ дастарқаннан дәм татып, «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Ержан Иманғалиевтың уағызын тыңдады.

- Рамазан - қайрымдылық, мейрiмдiлiк, сауап амалдар жасайтын, күнәлар кешiрiлетiн, iстеген ғибадаттарымызға орай сауаптарға кенелетін ай. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, ауызбіршілігіміздің арқасында бұл айды мұсылман бауырларымызбен бірігіп жақсы өткіздік деген ойдамын. Және осы тұста аудан жұртшылығына шын жүректен алғысымды білдіремін. Дана халқымыздың “Сабыр түбi сары алтын”, “Әр бейнеттiң бiр зейнетi бар” деген нақыл сөздерiн ораза ұстаудағы бiздiң сабырымыз бен қасиеттi айда көрген бейнетiмiзге де байланысты шыққан деуге болады. Алла тағала мүбәрак айдағы ғибадат амалдарыңызды қабыл етсiн деп, сiздердi шын жүректен айт мерекесiмен құттықтаймын! Ораза айт баршамызға берекелi болып, Алла тағала елiмiзге тыныштық, ынтымақ, әрбiр отбасына қуаныш, бақыт бергей!, - деген тілегін білдірді.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521