Меккеге қажылыққа 2 млн жуық адам барды

Мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласына жыл сайынғы қажылыққа әлемнің түкпір-түкпірінен 2 млн жуық адам келді.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, құлшылық ету үшін Сауд Арабияға табан тірегендердің ішінде Индонезия, Пәкістан, Үндістан, Алжир, Марокко, Бангладеш, Иран және Түркия азаматтары бар. Қажылық тамыздың 14-іне дейін жалғасады.

Еске салсақ, жыл сайын қажылыққа әлемнің екі миллионнан астам мұсылмандары барады. 2018 жылы бұл көрсеткіш 2 млн 371 мың адамды құрады. Ал, Қазақстан азаматтарына биылғы қажылық сапарына 3200 квота берілді.

BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521