Жол қауіпсіздігін сақтап, үйренейік!

 Жуырда «Қауіпсіз білім ортасы» республикалық онкүндігі Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде де өтті.

Жалпы біздің мектепке келетін жолдың қауіпсіздігіне аса мән берілген. Аумақ толық жарықтандырылған, бейнебақылау камералары, «Балалар» белгісі, жаяу жүргінші жолдары, арнайы жасалған жол кедергілері бар.

Қауіпсіздік сабақтары 1-4 сыныптарында көшеде, жолда, үйде, мектепте, бөгде адамдармен қауіпсіз жүру ережелерін түсіндіру мақсатында өтіп, онда шұғыл қызметтердің, балаларға және жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны, қоңырау байланыс жүйесі туралы кеңінен баяндалды. Соңынан қауіпсіз жүріп-тұру ережелері бойынша парақшалар, кітапшалар таратылды.

-

bilimkay

bil11

17 қыркүйекте жол қозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру флешмобтары өтсе, ал 18 қыркүйекте «Қауіпсіздік шұғыласы» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды. 19 қыркүйекте балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша ата-аналар жиналыстары өткізілді.

М.Саламат

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521