Тыл ардагері оқушылармен кездесті

Қызылүй орта мектебінде «Ұлы Жеңіс- ұлы жетістікке жетелейді» тақырыбымен тарих апталығы өтті.

Апталықтың ашылуынан соң оқушылар өз аталары жөнінде мағлұматтар жинады. Ауылымыздың тыл ардагері Нияз Есениязов атамен 6- 8 сынып оқушылары кездесуге барып, көптеген мәліметтер алды. Атамыз риза болып, балаларға батасын берді.

qyzylui170220

Мұғалім А.Тлепованың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушылары мектеп мұражайына саяхат жасады.

qyzylui1702204

Музейде Ауған соғысына қатысып, жат жерде көз жұмған жерлес жауынгер М.Рахметовтің бұрышы кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ 5 сынып оқушыларына ашық сабақ өткізілді.

Тарих пәні мұғалімдері А.Тлепова, К.Итенованың, кітапханашы Н.Сәрсенғалиеваның ұйымдастыруымен «Ер есімі – ел есінде» атты кеш тартымдылығымен есте қалды.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521