Шағын жинақталған мектептердің бүгіні мен ертеңі

Есбол орта мектебі базасында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының қолдауымен «ШЖМ: білім мен рухани жаңғырудың жүйелі сабақтастығы» тақырыбында облыстық тимбилдинг өтті.

Жаңаша мазмұнда өткен шараға облыстың Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай, Индер аудандарындағы ауыл-елді мекендеріндегі шағын жинақталған 26 мектептің 40-қа жуық ұстаздары қатысты.

seminar4

Бұл шараның басты мақсаты- шағын жинақталған мектептегі білім мен рухани жаңғырудың жүйелі сабақтастығының тиімді жолдарын қарастыру, тәжірибе алмасу еді. Облыстық шара ашық аспан астында табиғат аясында, түстен кейін мәжіліс залында «Бетпе-бет» бағдарламасы түрінде өтіп, көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Облыстық тимбирдингті Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталықтың әдіскері Н.Амангелдіқызы ашып, бұл облыстық шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, өткенге салауат, келешекті жаңғырту мақсатында ұйымдастырылғанын, облыста 26 шағын, жинақталған мектеп барын, алайда басқа мектептерге қарағанда ШЖМ-де педагогикалық оқу, ғылыми жобалардан кенже тұратынын меңзеді. Бұл шара үшінші рет өткізіліп отырғанын, бұған дейін Құрманғазы, Индер аудандарында өткенін еске алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

s

Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сұлтанғалиева да келушілерге қош келдіңіз айтып, ауданда жалпы 17 мектеп барын, шағын жинақталғаннан тек 2 мектеп Еңбекшіл мен Есбол барын еске салды. Келушілердің бәріне латын қарпінде басылған бағдарлама таратылды.

Көмілген қазынаны тауып, олжаға кенел!

Бірінші шара ашық аспан астында Есбол ауылының «Еламан ата» жақтағы орман-тоғайында басталды. Бұл жерде ақшаңқан үлкен киіз үй, төрт шағын үшбұрышты палатка тұр екен. Командалар сары, жасыл, көк, қызыл түсті галтуктер тағып, «Атамекен», «Ауылым», «Қазақстан», «Туған жер» атты командаға бөлініп, атауына байланысты «Атамекен», «Ауылым», «Жаса, Қазақстан!», «Туған жер» әндерін шырқады. Бұл ашық аспан астындағы топтық жұмыстың негізгі мақсаты-бағзы заманда тарих қойнауында ұйқыда қалған ханшайымды оятуды көздейтінін білдік.

s

Тимбилдинг жүрісі барысында Ержан тілші қатысушылардан сұхбат алды. Төрт қалашық атауымен «Тарих қойнауы», «Киелі мекен», «Дара тұлға», «Асыл мұра» палатка құрылыпты. «Киелі мекен» тобындағылар «Еламан ата» мазарына тағзым етсе, «Дара тұлға» командасы Айтуар бидің «Алтын» қорымына, ескерткішіне барды. «Асыл мұра» тобы жергілікті қолөнерші, тігінші Қаракөз апаймен кездесіп, сұхбаттасты.

s

Ал «Тарих қойнауында» командасы Керей ханды ақ киізбен хан көтеру қойылымын қойды. «Киелі мекен» тобы ақ параққа Еламан атаға барған өз толғанысын жазып, жаңадан отырғызылған әулие талға ілді. Команда құрамында болған ОБББ-ның әдістемелік орталық әдіскері Н.Амангелдіқызы ру шежіресінің макетін тапсырды. Сонымен қатар әр топ «Заттарды жина», «Топпен кедергіден өту», «Бөрене», «Ерекше волейбол» сынды төрт тапсырманы да бұлжытпай орындай білді. Ұлы Абай өлеңін мәнерлеп оқығандар да көп болды. Ең қызықтысы-тарих қойнауына қалып кеткен ұйқыдағы ханшайымды табу болғанын айта кеткен дұрыс. Төрт команда ішінен оқ бойы озық шыққан «Ауылым» тобы жасыл галстугі желбірей бүкіл орманды шарлап, ақыры, әзер дегенде ханшайымды тауып, ұйқысынан оятып, асыл қазынадай ашық алаңға жетектей келді. Ханшайым «Ауылым» тобына шынайы ризашылығын білдіріп, өзінің ескерткіш сыйлықтарын ұсынды.

s

Тағы бір есте қалғаны- тапсырманы толық орындаған екі топ шоқ самаурын қайнатса, енді екі топ от жағып, шоққа картоп пісіруден жарысты.

s

«Бетпе-бетте» кездесті

Түстен кейінгі «Бетпе-бет» ток-шоуына ардагер-ұстаз, «Аналар» қоғамдық ұйымының төрайымы Ж.Мұғауова, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК директоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Мұқтар, «Жарқын болашақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Д.Ғасырбек, аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сұлтанғалиева, Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің әкелер кеңесі төрағасы Е.Алтыбаев, Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г.Юсупова қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Облыстық тембилдингті облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының әдіскері Н.Кулбалиева қорытындылап, аудандардан келген мұғалімдерге,шараны ұйымдастырған білім бөліміне, Есбол орта мектебінің ұжымына ризашылығын білдірді.

А.Қуанышқалиева

Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521