«Айқанатта» бақ сынады

О.Шонаев атындағы орта мектепте «Айқанат» білім беру қорының ауыл мектептерінің 9 сынып оқушыларына арналған республикалық «IQanat» республикалық олимпиадасы өтіп, оған аудандағы 17 мектептен 272 оқушы қатысып, бақ сынады.

Жалпы «Айқанат білім беру қорының» білім беру бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің, қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып келеді. Білім және ғылым министрлігінің №226 бұйрығымен(24.05.18) «Iqanat» олимпиадасы республикалық олимпиадалар тізіміне кірген-ді.

Бірегей білім сайысы төрт пән бойынша атап айтсақ, математика, физика, ағылшын тілі, әдебиеттен(«Эридит» эссе сайысы)өтеді. Бұл ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «Айқанат» республикалық олимпиадасы-қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Жобаға тек 9 сынып оқушылары ғана қатысады. Ауыл мектептерінің балаларын ұлттық және шетел университеттеріне түсу үшін қолдап, ынталандыру болып табылады. Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері сонымен қатар еліміздің, шетелдік жоғары, арнаулы оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау кіреді. Мектеп дәлізінде республикалық «Айқанат» олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңін білім бөлімінің басшысы А.Бердешқызы ашып, өткен жылы «Айқанатқа» ауданымыздан 27 оқушы қатысып, бақ сынаса, биылғы жылы ол көбейіп, бүгінде 272 оқушы қатысқалы отырғанын айтып, оларға сәттілік тіледі.

a

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары бойынша аймақтық үйлестіруші С. Ерхасымұлы да сөз алып, бұл «Айқанат» республикалық олимпиадасы «IQanat» қорының білім беру бағдарламасы екенін, ол бірнеше жылдан бері ҚР Білім және ғылым министрлігінің, қазақстандық кәсіпкердің қолдауымен өткізіліп отырғанын, бұл олимпиада ауыл мектептерінде оқитын оқушыларды ҰБТ-ге дайындап, еліміздің, шетелдің ЖОО-на түсулеріне мүмкіндік сыйлайтынын баяндады.

a

«Iqanat» -тың 2018-2019 оқу жылғы жеңімпазы Г.Табылды да республикалық олимпиадасына қатысып, ІІІ турына өтіп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінде ағылшын тілінен bibi-теst тапсырып, төрт оқушы грант ұтып алғандарын, министр Д.Абаевпен кездескендерін, Бурабай мектебінде өткен марапаттауда оқушыларға, жетекшілеріне планшет, кітап, ноутбук сыйланғанын да еске алып, ҰБТ-ге тегін дайындық ұтып алғанына қуанғанын жеткізіп, қатысушыларға табыс тіледі.

a

Мектеп жас күйшілерінің «Балбырауын» күйі, балғын бишілердің флеш-мобы да жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ашылу салтанатынан соң қатысушылар кабинеттерге орналасып, «IQanat» республикалық олимпиадасы да басталды. «Эссе-Эрудитке» 23 оқушы қатысып, эссе жазып жатқанын білдік.

a

Кабинетке кірген «IQanat»-тың батыс аймақтық үйлестірушісі С.Утебаев республикалық олимпиаданың тапсырмаларын орындау, бланкілерді толтыру тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ «Айқанаттың» Атырау облыстық үйлестірушісі С.Далуовна мұнда волонтер Л.Сарсенбаевамен қатар үш олимпиада жеңімпаздары Г.Табылды, Ш.Слемғали, А.Алпатановалар да еріктілер ретінде қатысып, көмектесіп жатқанын айтты.

«IQanat»-тың батыс аймақтары бойынша үйлестірушісі С.Ерхасымұлы, олимпиада жүлдегерлері Г.Табылды, Ш.Слемали «Атырау-Қазақстан» телеарнасына арнайы сұхбат берді.

a

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521