Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан эстафета бастады

Биылғы жылы Абайдың Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады.

Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін Жалғансай орта мектебінде арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды. Расымен де, біз бұл датаны мерейтой деп қабылдамауымыз керек. Себебі, Абайды тану өзіміз үшін, өзіміздің рухани дамуымыз үшін керек.

Біз жасөспірімдер осынау дана да, дара ақынымыздың шығармашылығын, өнер жолын алтын көпірге балаймыз. Осы алтын көпірді жалғастыруды біз Жалғансай орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары Ұлы Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан эстафета бастады.

Абай мерейтойы қарсаңында 5-6 сынып оқушылары арасында «Абай шығармашылығы» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайысты мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Шахманова мен кітапханашы Г.Отарова өткізді.

Оқушылар «Зере», «Ұлжан», «Әйгерім» атаулармен 3 топқа бөлінді. Сайыс жеті бөлімнен тұрды. Мұнда Абай Құнанбайұлының ұлы ақын, сазгер, ағартушы, аудармашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде тарихымыздағы орны бөлек ерекше тұлға ретінде шығармашылығын тереңдей білу, жан-жақты таныту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге 6 «б» сынып оқушысы Гауһар Бекжанның Абайдың кез келген әнін тамаша орындайтынына куә болдық.

Сайысқа қатысушы басқа да оқушылар ақындық қабілетімен, әнге деген бейімділігімен көзге түсті.

А.Амантай,

Жалғансай орта мектебінің 6 «б» сынып оқушысы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521