Жер құжаттарын электронды әдіспен

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру дегеніміз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру болып табылады.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы нұсқауларға сәйкес мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді халық арасында танымал ету бағытында жұмыстар жүргізіліп, бөлімде азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, жұмыс атқарылуда.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан жер қатынастарын реттеу саласында заңды және жеке тұлғаларға 10 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде.

Атап айтқанда: «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»,

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту»,

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»,

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», Сауда-саттықты (конкурстарды, «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру», «Ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру», аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру».

«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау».

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер облыс әкімінің (www.atyrau.gov.kz) ресми сайттарында орналастырылған.

Аталған мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті берушінің кеңсесінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО) және www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.

Махамбет аудандық жер қатынастары бөлімімен 2017 жылы 366 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 2018 жылдың 12 айында 403 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

Ғибрат МЫРЗАҒАЛИ,

аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521