Жемқорлықпен күрестің тиімді жолы

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп өркендеп,мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе,халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты халыққа Жолдауында:

«Аса маңызды міндет-сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген. Осыған орай, біздің басқармада құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлық көрінісін шектеуге бағытталған ұйымдастырудың іс-шара жоспары тоқсан сайын жасалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау бойынша кірістер және мүлік туралы декларацияларды жыл сайынғы тапсыруы,әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына конкурстардың өткізілуі, азаматтарды жеке қабылдауы өз деңгейінде жүргізіліп, жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазынашылық ғимаратында сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында баршаға көрінетіндей жерде жадынамалар, стендтер де орналасқан.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қадағалап, аталған заңнама мен кодекс талаптарының бұзылуына жол берген қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарау белгіленген. Осы мақсатта қазынашылық басқармасында сенім телефоны жұмыс жасайды.

Жұмыс барысында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын ұдайы басшылыққа алып отырамыз. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу және мәдениетті қалыптастыру үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру бойынша қызметкерлермен жиналыс өткізіліп отырады. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн.Қазіргі таңда біздің мекеме заң талаптары аясында жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес жүргізілуіне ықпал ету мақсатында жұмыстар жүргізіле беретін болады.

Ж.СЮНГАЛИЕВ,

Махамбет аудандық қазынашылық басқарма басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521