Жауапсыз адам қызметкер бола алмайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің және Мемлекеттік қызметі туралы заңының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 жылдар аралығына талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау барысында Атырау облысында 1601 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны облыс әкімдігі 10%, қала әкімдігі 32%, Жылыой 17%, Индер 39%, Қызылқоға және Мақат ауданы әкімдіктерінде 10% және мәслихаттарда 44% төмендегені байқалады.

Сонымен 2017-2018 жылдар аралығында Департаментпен 189 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 1244 заң бұзушылық анықталды. Тексеру нәтижелерімен 103 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

Тексеру жұмыстарын талдай келе, анықталған заң бұзушылықтардың көпшілігі демалыс немесе мереке күндері жұмысқа тарту жағдайында қосымша ақы төлеу немесе күн (сағат) беру–386, конкурс өткізу ережесінің талаптарының сақталмауы–186, Әдеп кодексінің сақталмауы–124, тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібінің қадағаланбауы–102, мемлекеттік қызмет саласындағы басқа заңнама талаптарының сақталмауы–92, жыл сайынғы бағалау талаптарының сақталмауы –77, сынақ мерзімінен өту талаптарының сақталмауы –70. Бұдан басқа, Департаментпен жол жүру ережесін бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатысты мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Соңғы екі жыл ішінде Әдеп кодексінің талаптарын сақтамау бойынша 20 тәртіптік іс қаралып, 18 мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылған. Аталған көрсеткішктердің ішінде Исатай (2), Махамбет (2) ауданы әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерімен тәртіптік істер саны аз көрсеткішке ие болып отыр.

Қорытындылай келе, облыс көлемінде мемлекеттік қызмет заңнамасының және әдеп талаптарын сақтау бағытында алдын алу шараларының қабылдануы, мемлекеттік қызметшілерді жазалаудан бұрын тиімді ұсыныс пен бағыт-бағдар беру оң нәтиже көрсетіп отыр.

М.КАРИЕВ,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521