«Жасыл Ел» жасағы іске кірісті

Махамбет ауданы бойынша «Жасыл Ел» еңбек жасағының 15-ші маусымы басталды.

Жалпы үш ай жаз бойы небәрі 200 сарбаз еңбекпен қамтылатын болады. Күні бүгін маусым айында Атырау қаласындағы жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру колледждерінен және 16 жасқа толған жоғары сынып оқушыларынан құралған жасақ іске кірісіп кетті.

a

z

Олар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бекіткен арнаулы маршруттар бойынша жасыл желектерді суарып, арам шөптерін жұлумен айналысады.

z

z

Ал, 50 адамды қамтитын келесі еңбек жасағы аудандық орман шаруашылығы мекемесімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сарбаздардың қолына тиетін нақты еңбекақысы 50 мың теңге шамасында.

«Жасыл Ел» еңбек жасағы аудан елді мекендеріне де шығып, орман қорын түрлі өсімдік зиянкестерінен қорғап, жасыл желектерді күтіп-баптайды. Алдын-ала бекітілген жоспарға сәйкес, басқа да қайырымдылық акциялары мен мәдени көпшілік жұмыстарға белсене араласатын болады.

Н.Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521