Жастар орталығындағы кездесу

"Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына орай аудандық Жастар ресурстық орталығында "Жас Отан" Жастар қанатының Атырау облыстық филиалы төрағасы Ринат Маратұлы мен "Халықты жұмыспен қамту орталығының" маманы Дәурен Сержанұлы қонақта болды.

Кездесу барысында "Жастар жылы жастарға не береді?", "Жастардың басты мәселелері қандай?", "Жұмыссыз жастар", "Жас отбасылардың ажырасуы" секілді сұрақтар төңірегінде сөз қозғалды. Кеш қонағы Р.Маратұлы: биылғы "Жастар жылымен" құттықтай отырып, жастардың білім алуына мемлекет тарапынан грант бөлінетіндігін, кәсіппен айналысуға көптеген мүмкіншіліктер қарастырылғандығын айтты.

Бұған қоса жұмыссыз жастарды еңбекке баулу, жас бойында жауапкершілік қасиетті одан әрі өршіту, кітапхана форматына заман талабына сай өзгеріс енгізу , "Жасыл ел" бағдарламасы бағытында әңгіме тиегін ағытты. Жастар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.

Бекболат СЕГІЗБАЕВ,

аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521